Президент Мемлекеттік Ту челленджін қолдады

Президент Мемлекеттік Ту челленджін қолдады
Сурет: Kazislam.kz

Мемлекет басшысы танымал продюсердің бастамасына қолдау білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев продюсер Нұрлан Қоянбаев бастаған Мемлекеттік Ту челленджін қолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Достар, біздің жобаны Президент қолдады!» - деді ол.

Нұрлан Қоянбаев осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желідегі жазбасының астына ең көп пікір қалдыру челленджін бастады. Ал маусымда суретке 100 миллионнан астам пікір жинап, Гиннестің жаңа рекордын орнатуды ұсынды.