Президент Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдары қызметіне тексеру жүргізуді тапсырды

Президент Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдары қызметіне тексеру жүргізуді тапсырды Сурет: ашық дереккөз

Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдары қызметіне тексеру жүргізу қажет. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Өткен жылдың соңында ел стационарлары қаражаттың қатты тапшылығын бастан кешірді. Бұл қаражаттың шынымен де маңызды бағыттарға бағытталмағанын білдіреді. Үкіметке өңір әкімдерімен бірге Медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдарының қызметіне тексеру жүргізуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесінде де жемқорлық тәуекелдері сақталып отырғанын баса айтты.



«Бұған жоспарлаудың тиімсіз жүйесі сеп болып отыр. Медицина ұйымдары әлі күнге дейін қажетті дәрілік заттарды «қолмен» қалыптастырады. Медициналық техника бағасын айтарлықтай көтермелеу де жиі кездесетін жайт. Денсаулық сақтаудың интеграцияланған платформасын іске қосу мәселесі әлі шешілмеген. Жұмыс жүргізіліп жатыр, Үкіметтің де жоспары үлкен. Бірақ, тиімді әрі жедел жүзеге асыру маңызды», – деді Президент.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42