Президент Мәскеуге барды

Президент Мәскеуге барды
Сурет: Ақорда

Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамырда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін Президент "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.