Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкіметтің қаржы-экономикалық салаcы бойынша есеп берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкіметтің қаржы-экономикалық салаcы бойынша есеп берілді
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Үкіметтің қаржы-экономикалық салада атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан жедел әрі жүйелі шаралар, шетелдегі қаржыны қайтаруды және елден ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың нақты тетіктері пысықталып жатқаны туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берілді.

Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.