Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады
Сурет: Egemen.kz

Іс-шара онлайн форматта өтеді

Ертең, 27 қаңтарда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жиынға Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди бастамашы болады. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.

Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.