Президент: Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек

Президент: Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек
Сурет: Gov.kz

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Жергілікті жерлердегі, аудандық деңгейдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне тоқталғым келеді. Аймақтарда жұмыстың алға басуы әкімге байланысты екені рас. Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп, тежейтін де көбінесе әкімдер. Бұл - ащы ақиқат», –деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы әкімдер тіпті қаржылай көмек бермек түгілі, заң аясында әкімшілік қолдау да көрсетпейтіндігін баса айтты.

«Мұндай жөнсіздікті шұғыл түрде доғару керек. Аудан әкімдеріне нақты меже қойылсын. Оларға жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн. Біз енді жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек. Керісінше, әкім инвестор тартуға ұмтылуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.