Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді
Сурет: Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебатының ашылуына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм арнасына сілтеме жасап.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Төрағасы Чаба Кёрёши пленарлық отырысты ашып, жүргізеді.

Мемлекет басшысы Нью-Йорк уақыты бойынша шамамен 11.45-12.15-те сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.