Президент бірқатар мемлекет басшысын Жеңіс күнімен құттықтады

Президент бірқатар мемлекет басшысын Жеңіс күнімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.