Президент Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады
сурет: Akorda.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары беріледі.

ҚР Президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

«Ерлігі үшін» медалімен

Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) – Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев