Президент Александр Винокуровты қабылдады

Мемлекет басшысы Astana Qazaqstan Team велокомандасының жоспарын қолдады

Мемлекет басшысы Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz akorda.kz сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионы Президентке Astana Qazaqstan Team велокомандасының соңғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі велоспорттың дамуы жөнінде, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, соның ішінде еліміздің түрлі қалаларында велосипед тебудің экстремальді түрімен айналысатын спортшылар мен әуесқойлар үшін ВМХ парктерін салу және Алматыдағы велотректі жаңғырту жайында мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.