Президент актер Олег Лиді «Барыс» орденімен марапаттады

Президент актер Олег Лиді «Барыс» орденімен марапаттады
Сурет: Egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Лиді ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

"Театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры» РМҚК актері Олег Сафронович Ли ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын", - делінген мәтінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.