Президент агроөнеркәсіп еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент агроөнеркәсіп еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Cурет: Akorda.kz

Қарашаның үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала. Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті», - деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтеді.
Ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту дәстүрі кеңес заманынан бері сақталған. 1988 жылы КСРО Жоғарғы кеңесі президумының жарлығымен қарашаның үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні деп бекітілген.

Тәуелсіз Қазақстан дәстүрді сақтап, 1998 жылы мерекені атап өту датасын заңнамалық деңгейде қарашаның үшінші жексенбісіне бекіткен. Кәсіби мерекені қазақстандықтармен бірге Украина және Беларусь елдерінің ауылшаруашылық қызметкерлері де атап өтуде.