Президент әкімдерге тапсырма берді

Президент әкімдерге тапсырма берді
Сурет: Akorda.kz

Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру керек.

Президент Жолдауға келген облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президенттің тапсырмалары:

Үкімет пен әкімдер әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауы қажет;

Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру керек;

Әкімдердің азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарап, олардың аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, мазалаған мәселелерді шешуі, қоғам сенімін арттыруы қажет;

Үкімет пен әкімдіктер жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде жүйелі шаралар қабылдауы тиіс;

Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауда жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыруы керек.