Премьер-Министр елден кешірім сұрады

Премьер-Министр елден кешірім сұрады Сурет: Bb.lv

Грекияда болған пойыз апаты елдің наразылығын тудырды.


Грекия Премьер-Министрі пойыз апатынан қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Таяуда Грекияда екі пойыз бір жолға түсіп кетіп, апат болған еді. 1 наурызға қараған түні жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан 57 адам қаза тапты. Елде осы оқиғаға байланысты наразылықтар басталды. 


Грекияның Премьер-министрі Кириакос Мицотакис апаттан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады. 



«Қарама-қарсы бағыттағы екі пойыз бір жолда болмауы керек еді. Бұл қателікті ешкім байқамаған», - деп жазды Премьер-министр Фейсбуктегі парақшасында.



Жексенбі күні мыңдаған наразылық білдіруші Афина көшелеріне шықты. Наразылық білдірушілер апат құрбандарын еске алу үшін аспанға шарлар ұшырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42