Премьер-Министр «АЛЖИР» мемориалдық мұражай-кешеніне барды

Премьер-Министр «АЛЖИР» мемориалдық мұражай-кешеніне барды
Сурет: Рrimeminister.kz

Үкімет басшысы еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық мұражай-кешеніне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұражай кешенін аралау барысында Әлихан Смайылов экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты. 

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені Ақмола кентінде бұрынғы «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінің» орнында орналасқан.