Пойызда ішімдік ішкен жолаушы жауапқа тартылды

Пойызда ішімдік ішкен жолаушы жауапқа тартылды
Сурет: Ашық дереккөз

Көлік полицейлері жолаушыға пойызда темекі шеккені және алкогольдік ішімдік ішкені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе станциясына Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріер адамды акт бойынша түсіріп алған. 

Тексеру барысында көлік полицейлері Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Ол масаң күйінде вагонның тамбурында темекі шегіп, пойыз бригадирінің ескертуіне құлақ аспаған. 

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы және 441-бабы  бойынша екі әкімшілік материал толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.  

Еске сала кетсек, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 10650 құқық бұзушыны жауапқа тартты. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1161 адам, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 388 адам жазаланған.