Польша қар құрсауында қалып, Балқанды су басты

Польша қар құрсауында қалып, Балқанды су басты
сурет:tsn.ua

Нөсер жаңбыр салдарынан Сербия, Босния, Черногория, Косово және Албания өзендерінде су деңгейі көтерілді.

Польшада қалың қар салдарынан кем дегенде 2 адам жолдарда қаза тапты. Елдің 300 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Еuronews сілтеме жасап.

Жолдың нашарлығына байланысты жөндеу бригадалары апат болған жерге жете алмай жатыр. Әсіресе, Малопольский, Подкарпатский және Люблинский аумақтарында жағдай қиын.

Нөсер жаңбыр салдарынан Сербия, Босния, Черногория, Косово және Албания өзендерінде су деңгейі көтерілді.

Жұма күні көптеген аудандарда температура төмендеп, жаңбыр соңы қарға ұласты. Электр желілеріне зақым келді. Ауыз су тапшылығы туындап, адамдар эвакуацияланды.

Тирананың солтүстік-шығысында жергілікті электр компаниясы толып тұрған су қоймаларының аузын ашуға мәжбүр болды, ауылшаруашылық жерлерін су басқан. Қолайсыз ауа райының салдарын жоюға Албан билігі өз әскерін жұмылдырды.