Полиция қызметкері халықаралық отбасындағы бақыт кілті туралы айтты

Полиция қызметкері халықаралық отбасындағы бақыт кілті туралы айтты
Cурет: Скрин

Қазір ораза, мен ауыз бекіттім, Дима маған көмектеседі

 Ерлі-зайыптылар - Дмитрий мен Эльмира Данник Алматы қаласының полициясында қызмет етеді.  Ол - жедел кезекші, полиция подполковнигі.  Жұбайы – полиция майоры шеніндегі, жылдам қимылдау арнайы жасағының инспекторы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Эльмира: Біз ІІМ Академиясында таныстық.  Мен бірінші курста, Дима үшінші курста оқыды.  Ол біздің топтың жігіттеріне келіп жүретін, олар жақын араласты.  Ол барлық балалар сияқты соңғы партада отырды, мен - бірінші партада.  Ол - менің болашақ күйеуім деп ойламадым», - деді, майор Данник.

Дмитрий: Эльмира ІІМ Академиясын бітірген кезде, қатарда тұрғанда мен оған ғашық болдым.  Мен оның қатарда қалай тұрғанын көрдім - бұл бірден жаныма жақты.  Сол кезде мен оған үйленемін деп шештім», - деп, отағасы махаббат тарихын еске алды.

Эльмира: Біз саналы түрде тәжірибеде дос болдық.  Ол маған көмектесті, менімен бірге кезекшілікте болды, оқиға орнына барды - түнде қыз баланың мекенжайларға баруы қауіпті болды.  Қоршауға бірге барып жүрдік.  Осыдан кейін, біз бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтынымызды түсіндік.

Дмитрий: Анам біз үйленгіміз келетінін болжап жүрді.  Сақина алуға барған кезде, ең бірінші анама хабар бердім.  Ол қуанды.  Ол бізді көзіне жас алып қарсы алды.

Эльмира: Бізде бұндай жоқ: не сенің дәстүрің, не менің дәстүрім.  Біз бәрін біріктіреміз.  Қазір ораза, мен ауыз бекіттім, Дима маған көмектеседі.

Дмитрий: Ол үйге ауызашарға келеді, мен дастархан жайып, оны тамақтандырамын.  Таңертең мен оны сәресіне тұрғызу үшін оятқышты қоямын
Эльмира: Біздің ата-аналарымызға көп рахмет.  Олар бізге көмектеседі.  Кішкентай қызымыз өсіп келе жатыр.  Олар оны мектептен алып кетеді, жаттығуға апарады, бір сөзбен айтқанда, ата-анамыз күнделікті мәселелерді шешуге көмектеседі

Дмитрий: Мен отандастарымызға сенім, сабыр, ұлтына, дініне қарамастан бәрі бірін-бірі бағалауларын тілеймін.  Бізде Қазақстанда бәрі бір.  Барлығына зор денсаулық тілеймін!