Полиция басқармасының бөлім басшысы ұсталды

Шымкентте аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы мен экс-тергеуші ұсталды
"Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында 2 маусымда ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстады. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.