Полицейлер көлік ұрлаған азаматты қуып жүріп ұстады

Полицейлер көлік ұрлаған азаматты қуып жүріп ұстады Сурет: Ашық дереккөз

Қаскүнем тәртіп сақшыларының талабын елемей, жылдамдығын арттырып, жасырынуға тырысқан.


Абай облысының полициясына Глинки көшесіндегі үйдің ауласынан автокөлік ұрланғаны туралы сигнал түскен, полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жүргізуші көлік құралын автотұрақта ашық қалдырған, сол себепті оны айдап әкету қиын болмаған. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары бағдар алып, Рысқұлов көшесі бойында ұрланған көліктің қозғалысын ізін суытпай анықтады.


Polisia.kz хабарлауынша, көлікті тоқтатуға тырысқаннан кейін қаскүнем тәртіп сақшыларының талабын елемей, жылдамдығын арттырып, жасырынуға тырысқан. Егер жолда көлікті тоқтатуға асыққан полицейлер болмаса, Абай облысының 27 жастағы тұрғыны ұрланған автокөлікпен емін-еркін жүре берер еді.


"102" арнасына сағат 23:00 шамасында полицияға Глинки көшесіндегі үйдің ауласынан автокөлікті ұрлау туралы сигнал түседі. Көлік құралының тізгінінде көлік жүргізуге құқығы жоқ мас күйінде 27 жастағы жергілікті тұрғын болған. Медициналық мекеменің куәландыру нәтижесі 2,01 мг/л оның орташа масаң болғанын және өздігінен аяғына тұра алмайтынын растады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаскүнемге айып тағылып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет