Полицейлер жаңа жылда жаңа киім киетін болды

Полицейлер жаңа жылда жаңа киім киетін болды
Сурет: Matritca.kz

Жаңа форманы алғашқы киетіндер – патрульдер мен учаскелік инспекторлар.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап полицейлердің жаңа форма киетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

«Біз форманы биыл күзде бекіттік. Әрине, олар бір күнде тігілмейді, сондықтан біз конкурстық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік сатып алулар арқылы 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін тігіліп, дайын болады деп болжаймыз. Сол күннен бастап көптеген өңірлерде патрульдік қызметкерлер жаңа формада жұмысқа кіріседі», – деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, жаңа формамен бірінші кезекте патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар қамтамасыз етіледі.

«Қосымша қаражат талап етпейміз. Ескі форма әлі бар, жаңа форма бірте-бірте бөлінеді. Екі жылдың ішінде біз бүкіл Ішкі істер министрлігінің формасын өзгертеміз», – деді министр.