Пияздың пайдасы мен зияны

Пияздың пайдасы мен зияны
Cурет: 24.kz

Пияз ас қорытуға және артық сұйықтықты кетіруге көмектеседі

Ресейлік дәрігер әрі нутрициолог Мария Тихомирова пиязды қандай жағдайда қолданған пайдалы екенін және қай кезде оны шектеу қажеттігін айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Rg.ru-дің мәліметінше, пиязда бактерияға және вирусқа қарсы қасиеттер бар, ал оның құрамындағы күкірт детоксикацияға көмектеседі. Сондай-ақ пияз құрамында С дәруменімен басқа да пайдалы минералдар бар. Оған қоса ас қорытуға және артық сұйықтықты кетіруге көмектеседі.

«Пияз құрамындағы антиоксидантты кверцетин қатерлі ісік пен аллергияға пайдалы»,-дейді Мария Тихомирова.

Дәрігер сырқаттың кейбір түрінде пиязды қолдану ағзаға кері әсер ететінін ескертті. Әсіресе асқазаны мен он екі елі ішекте жарасы бар адамдар үшін зиян.