Пияз экспортына рұқсат берілуі мүмкін

Пияз экспортына рұқсат берілуі мүмкін
Сурет: Вaq.kz

Мәселе 29 наурызға дейін қоғамдық талқылауға түседі.

Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым алынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы құжат Ашық үкімет порталында жарияланды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды Қазақстаннан экспорттауға тыйым салуды 28 сәуірге дейін тоқтата тұруды ұсынды.