Пицца неге «Маргарита»?

Байқаған болсаңыз, кез келген пиццерияның мәзірінде міндетті түрде «Маргарита» атты пицца болады. Итальяндық тағам неліктен әйел есімімен аталып жүр?

Пиццаға ұқсас алғашқы тағамдар мыңдаған жыл бұрын дайындала бастапты. Оны римдіктер де, ежелгі гректер де жасаған көрінеді. Бірақ оған маңызды көкөністің бірі – қызанақ жетіспеген. Қызанақ Еуропаға Оңтүстік Америкадан тек ХVІ ғасырдың басында келген. Сондықтан ежелгі пицца үстіне ірімшік, қызанақ салынған қарапайым қамыр болған.

Пицца ауқатты емес, керісінше, күнкөрісі төмен адамдардың тағамы болған. Өйткені, кедей шаруалар ол кезде оны «пицца» деп атамаса да, өздері қамыр илеп, оны жұқа етіп жайып, үстіне үйінде не бар, соның бәрін салып, пісіретін болған. Ал ХVІІ ғасырдың басында pizzaiolo (пицца пісіретін адам дегенді білдіреді) атты мамандық та пайда болған.

Италия королінің әйелі Маргарита Савойская 1889 жылы қарапайым адамдардың тұрмысын бақылау үшін елдімекендерді аралайды. Жергілікті аспаздар патшайымның кенеттен келгеніне таң қалып, оған тән теңіз өнімдері мен ет таба алмай, аяқастынан қамыр илеп, үстіне ірімшік, қызанақ және ас шөптерін салып, пицца дайындайды. Қарапайым тағамның патшайымға ұнағаны соншалық, оның жеке аспаздары тағамның қалай пісірілетінін жазып, Маргаритаға жиі дайындап беруге уәде етеді. Дәл осы пицца ханшайымның құрметіне «Маргарита» деп аталып кетіпті.

Әзірлеген Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *