Пікірлерін ортаға салды

Пікірлерін ортаға салды
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын түсіндіру жұмыстары бойынша Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ұжымы­мен кездесті.

Алматы қаласы мәслихатының депута­ты, қалалық кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев, Алматы қала­сы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова және Алматы қалалық қоғамдық кеңес ко­миссиясының мүшесі Александр Белянов және Кардиология және ішкі аурулар ғылы­ми-зерттеу институтының ұжымы мен БАҚ өкілдері бас қосқан іс-шарада қоғамның үйлесімді дамуы ұлттың денсаулығын қам­тамасыз ету шартымен ғана мүмкін болаты­ны сөз болды.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл ат­қаратын денсаулық саласын дамыту мәсе­лесіне ерекше мән беріп отыр. «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», – деді Президент. Яғни әр аза­маттың денсаулығы ол – ұлт жетістігі. Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретін­де қоғамдық денсаулық сақтауды дамы­тып, халықтың санасына денсаулықтың қадірін ұғынуды сіңіріп, аурулардың алдын алуға айрықша көңіл бөлу керек. Халықара­лық үздік тәжірибелерге сүйенсек, медици­наны дамытудың басты жолы қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру болып табылады, – деді мәслихат депутаты Әсия Ақанова.

Жалпы, Қазақ кардиология ғылыми-зерт­теу институты 1977 жылы желтоқсан айын­да құрылды. 2001 жылы институт Кардио­логия және ішкі аурулар ҒЗИ болып қайта құрылып, клиника көпсалалы болды. Бүгінгі таңда «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ Қазақстандағы кардиологиялық, кардиохирургиялық және терапевтік қыз­меттердің флагманы болып табылады, онда еліміздің барлық өңірлерінен ауыр және диагностикасы қиын аурулармен ауыратын науқастарға жоғары білікті, маманданды­рылған, жоғары технологиялық, стационар­ды алмастыратын және амбулаториялық- емханалық медициналық көмек көрсетіледі. Институтта жақын және алыс шетелдерде оқудан өткен жоғары білікті мамандар жұ­мыс істейді, оның ішінде 12 медицина ғы­лымының докторы, 2 PhD докторы, 24 меди­цина ғылымының кандидаты, 8 денсаулық сақтау магистрі және 101 жоғары және бірінші біліктілік санаты бар дәрігерлер қызмет атқарады.

Жиынға қатысушылар медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапа­сы, денсаулық сақтау саласының мәселелері және оларды шешу жолдарын талқылай келе, түсіндіру жұмыстары бойынша өз пікірлерін ортаға салды.