Pfizer-мен ревакциналауға кімдерге рұқсат етілді?

Pfizer-мен ревакциналауға кімдерге рұқсат етілді?
Сурет: Inform.kz

Денсаулық сақтау министрлігінде Pfizer (Comirnaty) препаратымен ревакциналау кімге рұқсат етілгені жайлы айтылды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы" жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қаулы халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау мәселелері бойынша санитарлық дәрігердің осыған дейін қолданыста болған барлық қаулыларын біріктіреді.

Атап айтқанда, коронавирустың дамуы ауыр өтетін 60 жастағы және одан жасы үлкен адамдарға Pfizer вакцинасын қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, COVID-ке қарсы ревакциналауға рұқсат етіледі.

Еске салсақ, бұрын Pfizer препараты тек жүкті, бала емізетін және 12 жасқа дейінгі балаларға вакциналау үшін ұсынылған.