Петропавл мен Алматы арасында әуе рейсі қатынайтын болды

Петропавл мен Алматы арасында әуе рейсі қатынайтын болды
Сурет: Egemen.kz

Екі қала арасында әуе рейсі қайта ашылды

Петропавл-Алматы арасында ұшақ аптасына екі рет қатынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, Алматы қаласына алғашқы рейс 14 қазан күні аттанады. Boeing ұшағы дүйсенбі және бейсенбі күндері Петропавлдан сағат 12.10-да шығып, екі сағаттан кейін Алматыда болады. Билет құны – 25 мың теңге.

Ал Алматыдан Петропавлға дәл осы күндері бірақ таңертең сағат 9.05 минутта ұшып келеді.

Еске салайық, қазіргі уақытта Петропавл халықаралық әуежайын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қаралу үстінде. Бүгінде демеуқаржы бөлу арқылы әуе бағыттарының саны көбейтіліп жатыр. Қазіргі уақытта әуе рейстері Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларына бар.