Перзиденттің Ата-заңға өзгертулер енгізу туралы ұсынысын қолдаймыз - Мұрат Сәбит

Перзиденттің Ата-заңға өзгертулер енгізу туралы ұсынысын қолдаймыз - Мұрат Сәбит
Cурет: Ашық дереккөз

Философия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сәбит референдумды қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Референдум жайлы газет-журналдан, радио-телеарнадан естідік. Бұл жөнінде көптеген ой-пікірлер айтылды. Жер-жерден талқылаулар жүріп бастады. Алғашқыда осындай ауқымды істің жалғасып, талқыланып жатқанына онша көңіл бөлмедік. Ойымызда бір ғана ой болды. Ол бұрынғы жартас сол жартас шығар деп ойлап қана қойдық. Дегенмен, соңғы кездері жаппай талқылаулар өтіп жатқанда көңіліміз бұрылып, бастаманың ауқымының кең екеніне көз жете бастады»,-деді ол. 

Сонымен қатар ол өзгерістерді жақсылықтың нышаны ретінде қабылдайтынын жеткізді.

«Перзиденттің Ата-заңға өзгертулер енгізу туралы ұсынысын қолдаймыз. Мұны жақсылықтың нышанына да балаймыз. Бұрынғыдай биліктің бір адамның немесе бір топтың ғана айналасына шоғырланбаса екен дейміз. Халықтың пікірінің ескерілгенін қалаймыз. Сол себепті жасалып жатқан оң өзгерістерге қолдау білдірейік»,-деді Мұрат Сәбит.