Перуде автобус жардан құлап, 25 адам мерт болды

25 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.
Перудің солтүстігінде 60 жолаушы мінген автобус сенбі күні жардан құлап кетті. 25 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz lenta.ru сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 03:00 шамасында болған. Рейстік автобус жүргізушісі Пьюра аймағы Талара провинциясындағы қолайсыз жолда көлікті игере алмай, автобус құздан құлаған.
Жергілікті полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады.