Педиатр «омикронның» балалар үшін ең қауіпті белгілерін атады

Педиатр «омикронның» балалар үшін ең қауіпті белгілерін атады
Сурет: Smdoctor.ru

"Омикрон" ларинготрахеитті тудырады

Педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Сергей Токарев «омикрон» жұқтырған кезде балаларда ларинготрахеит дамуы мүмкін екендігін алға тартып отыр.

Оның айтуынша, егер бала ауыр тыныс алып, мұрын-ерін маңының көгергені байқалса, оның үстіне, иттің «үргеніне» ұқсас жөтел болса, онда дереу дәрігерлерге қаралу керек. Мұндай белгілер ларинготрахеиттің асқынып келе жатқанынан белгі береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-ТВ сайтына сілтеме жасап.

Мұндай асқынуға 5 жасқа дейінгі ұлдар бейім келеді екен. Ларинготрахеиттің күрделі фазасында көмей ісіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл түрде ауруханаға жатып, дереу ем-шаралар қабылдау керек болады.

«Күрделі ларинготрахеит көбінесе бес жасқа дейінгі ұлдарда дамиды және оның салдары көмейдің тарылуына әкеледі. Ертеректе кішкентай балаларда ол көбінесе парагрипп кезінде асқынса, қазір мұндай жағдайлар «омикрон» кезінде көбейіп отыр», - деді Токарев.