Педагогтер спартакиадада сайысады

Педагогтер спартакиадада сайысады
Сурет: Elorda.info

Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ақпаратынша, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды. Оған Қазақстанның 18 облысынан 740 педагог қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шара Абай облысының Семей қаласында спорттық ойынның 5 түрі бойынша өтеді: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және футзал. 

«Бұрын соңды колледж педагогтері арасында мұндай спартакиада болмаған. Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылып қатысушылар тарапынан жақсы қолдау тапты. Биыл бұл шара жалғасын тауып, колледж педагогтері белсенділіктерін көрсетіп жатыр. Бұл әр өңірдегі колледж педагогтері арасында достық пен ынтымақтастықты дамытып, өзара тәжірибе алмасуды көздейді»,- деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Сағдат Садықов.

7 күнге созылатын республикалық спартакиада үздіктер анықталып, жеңімпаздар кубок, медаль және дипломдармен марапатталады.