Павлодарда көлік апатынан зардап шеккен бала саны 8-ге жетті

Павлодарда көлік апатынан зардап шеккен бала саны 8-ге жетті
tengrinews.kz

Павлодар қаласында өрт сөндіруші КамАЗ көлігі мен балалар автобусы соқтығысып қалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Сегіз тонналық автоцистернаның шақыртуға бара жатқаны белгілі болды. Сала мамандарының хабарлауынша, автобус өрт сөндіру көлігін өткізбей қойған. Салдарынан жолдың бойында тұрған жеңіл машинаға да соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде 15 бала болды. Олардың сегізі ауруханаға жеткізілді. Тағы үшеуі облыстық балалар ауруханасының жарақаттар бөліміне жатқызылды. Қалғаны амбулаториялық бақылауға алынды. Дәрігерлердің айтуынша, оқушылардың жағдайы тұрақты. Бұл дерек бойынша ішкі істер органы тексеріс бастады. 

 - 101 пультіне Шығыс өндірістік аумағындағы өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына екі арнайы техника жіберілді. Өрт сөндіруші көлігі Ёлгин көшесі бойымен бара жатқанда, оқушылар автобусымен соқтығысты. Қоғамдық көлік өрт сөндірушілерге жол бермеген. Апаттың мән-жайын анықтап жатырмыз, - дейді  облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлім басшысы Исқара Дастан.