Павлодарда абаттандыру жұмысын уақытында аяқтамаған кәсіпкерге айыппұл салынды

Павлодарда абаттандыру жұмысын уақытында аяқтамаған кәсіпкерге айыппұл салынды

Әкімшілік хаттамасы толтырылды

Павлодар қаласы Н.Назарбаев даңғылы бойындағы Торайғыров - Қайырбаев көшелерінің шекарасында қазылған жер қайта жөндеуден өтпеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдегендей, бөлім өкілдері Н.Назарбаев даңғылындағы Торайғыров - Қайырбаев көшелерінің шекарасында орналасқан учаскеде мерзімі өткен рұқсат құжаттарымен жер жұмыстарын жүргізу фактісін тіркеді. 

«Бұзылған абаттандыру элементтері де мерзімінде қалпына келтірілмеген», - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына қалалық ПБ ЖПҚ органдары шақырылды. Осыған байланысты заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес ескертулерді жоюға мәжбүрлеу әкімшілік хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар 92 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынды.