Павлодар облысы «қызыл» аймақтан шықты

Павлодар облысы «қызыл» аймақтан шықты
Cурет: Egemen.kz

«Қызыл» аймақта бір облыс қана қалды

27 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы.

«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, 26 қарашадағы жағдай бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұрған болатын.