Парламенттің бірлескен отырысы өтеді

Парламенттің бірлескен отырысы өтеді
Сурет: Almaty.tv

Мерзімі 20 маусымға белгіленген.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкімнің мәтінінде.