Парламентке екі міндет жүктелді

Арман ЖҮДЕБАЕВ,  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:

– Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысып, Мәжіліс депутаттарының жаңа құрамына табыс тілеп, бірқатар өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғады.

Мемлекет басшысы аймақтардағы инфрақұрылымды дамытуға және әлеуметтік бағыттағы мәселелерді шешуге басымдық жасау керектігін айтты. Жиындағы өз сөзін Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, Парламентте талқылануға тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керек. Азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату – басты талаптың бірі. Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу», – деп қорытындылады.

Президентіміздің игі бастамаларын біз қашанда қолдаймыз. Ел іргесі берік болсын!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *