Парламент референдумға қатысты заңды қабылдады

Парламент референдумға қатысты заңды қабылдады
Сурет: Egemen.kz

Мәжіліс Сенат енгізген толықтырумен келісті.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Сенаторлар енгізген толықтыру бойынша «Референдум туралы» заңнан Елбасы туралы норма алынып тасталды.

Еске салсақ, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.