Парламент маңызды заңды Тоқаевтың қол қоюына жіберді

Парламент маңызды заңды Тоқаевтың қол қоюына жіберді
Сурет: Еgemen.kz

Құжатта мемлекет басшысының өкілеттілігін қысқарту, сайлау жүйесін өзгерту және тағы басқа маңызды мәселелер бар.

Сенат депутаттары президенттің наурыз айындағы жолдауын іске асыруды көздейтін заңды қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы заңмен 8 бірдей конституциялық заңына өзгеріс енгізіліп отыр. Президент туралы заңда бұған дейін айтылған бастамалар бекітіледі. Олар:

президент үшін саяси партияларға мүше болуға шектеу қою;

президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарына орналасуға шектеулер енгізу;

сенат депутаттарын, конституциялық сот және жоғары сот кеңесі төрағаларын тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді өзгерту;

Парламентке қатысты өзгерістер:

Сенатты қалыптастыру тәртібін және оның бірқатар функциясын қайта қарау;

аралас сайлау жүйесін енгізу;

мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасын алып тастау;

парламент палаталарында заңдарды қарау және қабылдау тәртібін қайта қарау.

«Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілетін түзетулер:

мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын мажоритарлық жүйе бойынша сайлау;

мажоритарлық жүйе бойынша сайланған мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын кері шақыртып алу;

аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау;

аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру;

сайлау алдындағы әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатты жүргізу;

сайлау қорларына берілетін қайырымдылықтардың шекті мөлшері;

сайлау науқанына қатысушылардың қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету;

сайлауға шетелдік араласуға жол бермеу;

саяси партияны тіркеуге қажетті адам санын 5 мыңға дейін азайту;

саяси партияны тіркеу үшін аймақтық өкілдердің санын 200 адамға дейін қысқарту;

саяси партияны құру үшін бастамашыл топтағы адамдардың санын 700-ге дейін азайту.

Бұдан бөлек, заңда президенттің қайта сайлау құқығынсыз өкілеттік мерзіміне қатысты мәселені референдумға шығаруға тыйым салынады.