Парижде Қазақстан елшілігі ауласында бейбітшілік ағаштары егілді

Парижде Қазақстан елшілігі ауласында бейбітшілік ағаштары егілді
24 kz

12 мемлекеттің өкілдері Наурыз құрметіне Парижде бейбітшілік ағаштарын екті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Олар Қазақстан жерінде өседі. Қазақстан елшілігі өз ауласында қадірлі қонақтарды қарсы алды. Ауғанстан, Үндістан, Иран, Түркия, Пәкістан, Ирак және Орталық Азиядағы бүкіл елдердің ресми өкілдері алма ағаштарын екті.

Осы іс-шараны ұйымдастырған ЮНЕСКО жанында Қазақстан делегациясы осылайша көктемді қарсы алудың ежелгі дәстүрін көрсетті.

Биыл Наурыз мерекесінің Қазақстан үшін маңызы ерекше. Өйткені дәл 30 жыл бұрын бұл мейрам елімізде қайта жаңғырды. Ал бүгіннен бастап Франциядағы елшілігімізде халықтар арасындағы бейбітшілік пен достыққа арналған шағын бақ өсетін болды.