Парижде алматылық суретшінің алғашқы жеке экспозициясы ашылды

Парижде алматылық суретшінің алғашқы жеке экспозициясы ашылды
Сурет: Qazaqtv.com

Францияда қазақ халқының аңыздары цифрлық суреттермен ұсынылды

Парижде алматылық Жанар Ерланқызының алғашқы жеке экспозициясы ашылды. Суретші халқымыздың аңызға айналған тұлғаларын ертегі әлеміндегі иллюстрация стилінде көрсеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ол белгілі тарихшы және лингвист Серікбол Қондыбайдың зерттеулерінен шабыттанатынын атап өтті. Әр еңбегінде өткен тарихымыз бен заманауи өмір салтымызды ерекше ұштастыра бейнелеген. Жерлесіміздің өнері француз жұртшылығының көңілінен шықты.

«Келген қонақтарға көбіне мифологиялық бөлім өте қатты ұнаған сияқты. Өйткені бәріміз де суреттерге қарап қиялдауды жақсы көреміз. Көргіміз келген нәрсені байқаймыз. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін әр картинаның мән-мағынасы жазылған буклеттер бар. Халық қызыға келіп, танысып жатыр», - дейді көрме ұйымдастырушысы Жәния Елубаева.