Париж Олимпиадасында болмайтын спорт түрлері белгілі болды

Париж Олимпиадасында болмайтын спорт түрлері белгілі болды
Сурет: Вirdinflight.com

Болмауы мүмкін спорт түрлері аталды.

2024 жылғы Олимпиадада болмайтын спорт түрлері аталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Prosports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Парижде каратэ, бейсбол мен софтбол жарыстары өтпейді. Ал бағдарламаға брейк-данс спорты енеді. Скейтбординг, серфинг және спорттық құзға өрмелеу жарыс бағдарламасында қалды.

Жалпы, Париж Олимпиадасында спорттың 28 түрі болады. 

Сондай-ақ, 2024 жылғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз өтеді.