Париж медалінің сыйақысы қанша?

Париж медалінің сыйақысы қанша?
Сурет: интернеттен

Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясының президенті Шахмурат Муталип айтты.

Қазақстандық боксшыларға Париждегі Олимпиада медальдары үшін берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Салтанатты кешкі аста ҚБҚ басшысы жақында Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен ұлттық құраманың жаттықтырушыларына ақшалай сыйлықтар табыс етті. Боксшыларға 20 000 доллардан, ал бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар табыс етілді. Сонымен қатар, ұлттық құраманың басқа жаттықтырушылары да марапаттарға ие болды.

Жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

1-орын: 220 000 $

2-орын: 120 000 $

3-орын: 70 000 $

4-орын: 30 000 $

5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.