Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатынан үшінші медалін жеңіп алды

Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатынан үшінші медалін жеңіп алды
Сурет: csp-parasport.kz

Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр

Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе, неміс спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды еншіледі.

Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальға қол жеткізген болатын.

Айта кетсек, парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтуде.

Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.