Паралимпиадашы Зульфия Габидуллина финалда

Паралимпиадашы Зульфия Габидуллина финалда
Сурет: Olympic.kz

Паралимпиадашылар жетістігі

Қазақстандық Зульфия Габидуллина Паралимпиада ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Зульфия S4 санатында еркін стильде 50 м қашықтықта жүзу бойынша іріктеуде 8-ші болып, финалға шықты. 
Айта кетерлігі, Зульфия Габидуллина Рио Паралимпиадасында S3 санаты бойынша қатысып, топ жарған болатын. 2019 жылы халықаралық классификаторлар оны физикалық тұрғыдан қимылы ілгеріледі деп, S4 санатына ауыстырды. 
Финал 2 қыркүйек күні елорда уақытымен сағат 16:38-де басталады.