Паралимпиадалық хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті

Паралимпиадалық хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті
Cурет: Qazaqstan.tv

Тайланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлем чемпионатында отандастарымыз алаң қожайындарын 7:0 есебімен қапы қалдырды.

Байрақты бәсекеде біздің спортшылар С пулында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін олар Франция құрамасымен, ал 10 желтоқсан күні австриялықтармен, 11 желтоқсанда Ұлыбритания спортшыларымен ойнайды.

Спорттың бұл түрінен әлем чемпионатына қазақстандықтар бірінші рет қатысып отыр.