Паралимпиадада жерлестеріміз алғашқы алтынды еншіледі

Паралимпиадада жерлестеріміз алғашқы алтынды еншіледі
Сурет: Olympic.kz

Жерлестер жеңісі: Қазақстан құрамасында - 1 алтын

Қазақстандық спортшы пауэрлифтингтен алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды. 

Ол өзінің үздік нәтижесінде 174 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды. 

Күмісті франциялық А. Борлоун, қоланы грекиялық Д. Бакорхристос иеленді. 

Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан 25 атлет бақ сынауда.