Паралимпиадада спортшыларымыз бесінші жүлдені еншіледі

Паралимпиадада спортшыларымыз бесінші жүлдені еншіледі
Cурет: Olympic.kz

Паралимпиада: Нұрдәулет Жұмағали - жүзуден қола жүлдегер

Токиода өтіп жатқан Жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының қоржыны бесінші жүлдемен толықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.  

100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды. 

Бұл бәсекеде германиялық Талисо Энгель жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміске иелік етті. 

Айта кетелік, қазақстандық паралимпиадашылар Токиода бесінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін пауэрлифтингтер Давид Дегтярев алтын алса, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина дзюдодан күміс медаль иеленді.