Паралимпиада чемпиондары «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды

Паралимпиада чемпиондары «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды
akorda.kz

Президент Жарлығымен биылғы Паралимпиада чемпиондары түрлі ордендермен марапатталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы 2021 жылғы 6 қыркүйекте ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Дегтярев Давид Мамиевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Парасат» орденімен

Байбатина Зарина Боранбайқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы

Дәулет Теміржан Серікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы

Сариев Ануар Берікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Құрмет» орденімен

Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2021 жылғы 6 қыркүйек № 652