Паралимпиада-2022: Қазақстан 17-ші орынға ие болды

Паралимпиада-2022: Қазақстан 17-ші орынға ие болды
Cурет: Olympic.kz

Бейжіңдегі ойындарда Қазақстан атынан бес спортшы қатысты

Қорытынды медальдік есепте Қазақстан Австралия және Швейцария құрамаларымен 17-ші орынды бөлісті (барлығында бір "қоладан"), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Sport.kz мәліметінше, Қытай командасы көшбасшы болып табылады, украиндықтар ІІ-орынды еншіледі, ал Канада ТОП-3-ті түйіндейді.

Қазақстан үшін жалғыз қола медальді парабиатлонда Александр Герлиц сыйлады. Сонымен қатар, спортшы парабиатлондық және паралимпиадалық жарыстарда, сондай-ақ эстафетада үш рет бесінші орынға ие болды.

Бейжіңдегі ойындарда Қазақстан атынан бес спортшы қатысты: Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин.