Пара көлемі - 13 358 400 000!

Пара көлемі - 13 358 400 000! Сурет: ашық дереккөз

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алып ұсталды.


Параның көлемі де анау-мынау емес, әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сенсек, 30 миллион доллар. Теңгеге шаққанда 13 миллиард 300 миллион, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.


   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі оның пара алып ұсталғанын және тергеліп жатқанын растаған. Абылай Мырзахметов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы қызметінен былтыр ақпан айында кеткен. Оның алдында Президент жанындағы экономикалық даму бойынша мемлекеттік комиссияның мүшесі, «Қазақстан теміржолы», «Самұрық-Қазына» секілді маңызды орындарда жоғарғы қызмет атқарған. Ең қызығы, ол бұл қызметтерге дейін, яғни 2003 жылы мемлекет мүлкін тонау бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылға шартты түрде сотталған болатын.



- Ол туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектескені үшін алаяқтық жасады және кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26